Қазақстанда жаңа туристік жанжал орын алды. Бұл жолы қарағандылық "Фараон" компаниясының жүздеген клиенттері алданып қалды деп хабарлайды AlmatyNews.
Фирма 5 жыл бойы жұмыс істеп келген. Соңғы 2 жылда компанияда қаржылық қиындықтар туындай бастады. Нарықтағы орнын сақтап қалу үшін "Фараон" шығынға жұмыс істеп, туристік пакеттерді сатып алып, оны клиенттерге төмен бағамен өткізеді. Ал төлемді қолма-қол ақшамен қабылдап отырған. Бүгінде түрлі бағытқа жолдама алған жүздеген адам елден шыға алмай қалды. "Фараон" компаниясының кеңсесі жабылып, басшылық жасырынуға тырысқан. "Туристер ұшып шыққан жоқ. Басшылық ақшаны алып, қашып кеткен. Қазір оларды Қарағанды полициясы іздестіріп жатыр. Олар бағаны тым төмендетіп жіберді. Бұл жерде туристердің де кінәсі бар, себебі олар арзанға таңдап алған қонақүйлер өте қымбат тұрады", -деп хабарлады Қазақстан Туристік Агенттіктері Ассоциациясының директоры Әсел Нүркебаева. Еске салайық, осыған дейін «Travelsystem» агенттігінің жабылып қалып, Түркияда демалып жатқан 700 қазақстандық қонақүйлерін босатуға мәжбүр болды. 8 млн доллар көлемінде шығын келтірген компания басшысын құзырлы органдар іздестіріп жатыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024