Несиелі рейтинг қызметі Standard & Poor's агенттігі "Қазақстан Халық банк" АҚ-ның рейтингін қайта қарап, "қалыптыдан" "негативтіге" дейін төмендетті. Бұл туралы kapital.kz хабарлайды.
Хабарламада жазылғандай, рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүйелік маңызы бар, жеке банктерге шұғыл түрде қаржылай көмек бере алу қабілетін төмендеп бара жатыр деп есептейді.
"Қазақстан экономикасы негізінен мұнайлы секторға байланысты. Қара алтынның ЖІӨ-дегі үлесі 20%, бюджеттегі кірісі 50%-ды және экспортта 60%-ды құрайды. Біздің Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына деген болжамымызды мұнай бағасының төмендеуіне байланысты 2015 жылы ЖІӨ 1,5%, 2016 жылы 2% деген көрсеткіштер бойынща азайттық. Экономикалық өсу қарқынынын баялатуға ұллтық валюта құнсыздануының тұтынушы сұранысына деген ықпалы (өсім қарқынын арттырып отырған негізгі фактор) және сыртқы фактор ретінде Ресейдегі экономикалық құлдырау себеп болып отыр деп айтуға болады. Дәл қазір жинақ бойынша негізгі операциялар тапшылығы 2015-2016 жж ЖІӨ-нің 4%-ын құрайды деп күтудеміз. Біздің есебімізше, мұнай бағасының төмендеуі мен ресей рубліне қатысты теңгенің құнсыздануына бейімделу үшін Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) ұлттық валютаны кезеңімен құнсыздандырады немесе басқа да қадамдарға барады.
Халық Банктің несиелік рейтингі өзіндік несие беру қабілетінен (stand-alone credit profile — SACP) бір деңгей жоғары тұр. Бұл банктің Қазқастандағы банк секторындағы аса маңызға ие екендігін көрсетеді. Халық Банк елдің банк нарығында автив көлемі мен бөлшектік және ұжымдық депозиттер бойынша екінші орын алады.
Біз Халық Банктің рейтинг болжамын Қазақстан Республикасының жеке несиесіне байланысты өзгерте аламыз. Сондай-ақ экономикалық өсу қарқынының әлсізденуіне байланысты актив сапасы мен капитализация көрсеткіштерінің тұрақты болуы да банк рейтингін өзгертуге себепші болады" , делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024