Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы кондитер нарығы қалай дамып жатыр?

Қазақстандағы кондитер нарығы қалай дамып жатыр?

Қазақстанның кондитер нарығындағы ірі ойыншылар үшін жыл табысты аяқталды. Қаңтар қорытындысы бойынша, өндірісі көлемі 15-25 пайызға өскен. Еліміздің кондитерлер ассоциациясының вице-президенті Әлихан Талғатбектің сөзінше, бұл жағдайды Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан валюта курсының айырмашылығымен түсіндіруге болады. Сондай-ақ ол kapital-ға берген сұхбатында өткен жылда қалыптасқан тенденциялар туралы да мәлімдеді.

Нарықты көшбасшылар өзгеріссіз қалады

Қазақстан өндірушілерінің өсу драйвері әрі кондитер нарығының көшбасшыларына айналған - «Рахат» және «Баян Сұлу» фабрикалары. Бұл фабрикалар Қазақстан нарығындағы отандық және шетелдік сатушылар арасында алғашқы екі орынға ие.

Сөзсіз көшбасшы болып «Рахат» қала береді. Егер компанияның 2016 жыл қаңтар-қыркүйек айларындағы есебіне қарасақ, түсім өткен жылдағы осы уақыт аралығымен салыстырғанда 49 пайызға өскен. Ал саны бойынша өсім 18,5 пайызды құраған.

Бұған дейін компания өкілдері 2016 жылы өндірісті 20 пайызға көбейтіп, 80 мың тоннаға жеткізетіндіктерін айтқан болатын. Шымкент қаласында 2015 жылы ашылған жаңа өндіріс алаңында фабрика өнімнің бірнеше жаңа түрлерін шығарды. Олар: вафля сериясы және крекердің үш түрі.

«Баян Сұлу» нарықта екінші орында тұр. Бірақ «Рахатпен» салыстырғанда неғұрлым көп өсімді көрсетті. 2016 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштер қорытындысы бойынша, 2015 жылға қарағанда 78 пайызға көтерілген. Ал саны жағынан өсім 42 пайызды құраған. Сонымен қатар, фабрика осы жылдың бірінші тоқсанында қуаттылығы 9,5 мың тонна болатын, жаңа бисквит цехын іске қосуды жоспарлап отыр.

Импорт қысымы әлсіреп жатыр

2015 жылы, рубль бағасы үш теңге болған кезде Қазақстан кондитер нарығы Ресей импортының қатты қысымына ұшыраған. Ал 2016 жылы жағдай өзгеріп, шетелдік өнім үлесі 55 пайыздан 40-45 пайызға төмендеген. Бұл курстық өзгерістермен және қазақстандық тұтынушылардың отандық өнімге сұранысы артқандығымен түсіндіріледі. Импорттың жалпы көлемі бойынша, ресейлік тауарлар көш бастап тұр. Ол Әлихат Талғатбектің бағалауынша, импорт нарығының 80-85 пайызын көрсеткен. Ресей өндірушілері Қазақстан кондитер фабрикаларына күшті бәсекелес болып есептеледі. Себебі, олардың қажетті қаржылық ресурстары бар, тауар сапасы да сәйкес келеді және кедендік тәртіп жеңіл.

Импортта екінші орында тұрған – Украина. Оның үлесі жалпы сауданың 10-15 пайызы. Қазір одан да төмендеп келеді. «Ресей өткен жылдың маусым айында украин тауарларын өз территориясы арқылы тасымалдауға тыйым салған. Содан кейін украиндық өндірушілер өнімді жеткізу жағынан қиындықтарға ұшырады. Қазір олар тауарларын Қазақстанға Азов, Қара теңіз және Грузия арқылы әкеледі. Ал бұл тасымалдың қымбаттағанын білдіреді және уақыттан ұтылады»,-деп түсіндіріп кетті Қазақстан кондитерлер Ассоцияциясының вице-президенті.

Кейбір есептеулер бойынша, қазір украин өнімдер 2015 жылға қарағанда екі есе қымбат тұрады. Одан басқа елдер импорты 5 пайызды құрайды.

Экспорт дами бастады

2016 жылы импорт қысқарғанмен, Қазақстан тауарларын экспортқа шығару жақсарды. Бұл беталыс осы жылы да жалғасын табады.

Әлихан Талғатбектің айтуынша, 2015 жылдың соңынан бастап отандық кондитер фабрикалары экспорт көлемін арттыру үшін федералды көлемдегі ресейлік желілермен қарым-қатынас орнатқан. Ресейде олардың саны шамамен бес-алты. Көрші елде сауданың негізгі бөлігі дәл осындай желілер арқылы жасалады. Ал Қазақстанда көбіне базарлар мен В, С категориясындағы дүкендер арқылы сатылады. Бірақ ондай тораптар арқылы алға жылжу қиын, себебі олар өз шарттарын қойып, жүйеге енуді күрделендіреді.

«Бүл жұмыс басталғалы бір жылдан астам уақыт өтті. Бірақ алғашқы келісімшарт енді ғана бекітілді. Бірінші жөнелтілім 2016 жылдың қарашасында жасалды», - дейді сарапшы. Одан бөлек дистрибьюторлармен қарым-қатынас орнатылды. Қазақстанда жасалған өнімдер Ресеймен шекаралас қалаларда бар. Ендігі мақсат – тауарларды одан да алыс жерлерге тасымалдау.

Бағалар қымбаттады

Қазақстандық тәттілерінің өзіндік құны теңге бойынша өсіп, ал доллармен санағанда төмендеді. Егер теңге девальвациясы екі есе көтерілсе, өнім бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 30-40 пайызға жоғарылады.

Дайын өнім бойынша, ірі өндірушілер соңғы айларда бағаны 3-5 пайызға қымбаттатты. «Доллармен есептегенде нарық еш өзгеріссіз қалғанмен, теңге бойынша екі есе өсті. Сондықтан өндірушілер бағаны көтеруге мәжбүр болды. Ешкім де ең үлен табыс табуға ниеттенбейді, бірақ шығынға да ұшырағысы келмейді»,-дейді Әлихан Талғатбек.

Жыл соңына дейін баға төмен болады дей алмаймыз, себебі бұл болжауға қиын фактор деп сөзін аяқтады сарапшы.

Мейірхан Амангелдиев

Похожие материалы