Алматы. 9 ақпан. 7 kun.kz – Қазақстан мен Орта Азиядағы Lenovo Technology B.V. компаниясының бас менеджері Асхат Мұхитдинов 1 ақпаннан бастап өз өкілеттігі тоқтатылғаны жайлы хабарлады.
«Ары қарай дамудың сәті түсті. 5 жыл бойы бас менеджер болып, көптеген тәжіриебе жинап, білім алып, өзімді жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да жетілдірілгеніме Леново компаниясына алғысым шексіз. Сондай-ақ, мұнда жүріп, көптеген достарым да пайда болды. Әсіресе, өзімнің командама алғыс білдіргім келеді. Маған көрсеткен қолдауларыңыз бен көмектеріңізді бағалаймын», - дейді Асхат Мұхитдинов әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Қазақстандағы өкілеттікті Алнұр Ермағамбетов басқарады. Оның қызметі - Lenovo Technology B.V. компаниясының жергілікті менеджері (Орталық Азия мен Әзербайжан).
Бұдан бұрын Алнұр Ермағамбетов «AstanaInnovations» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Қазақстандағы HP Global Trading B.V. компаниясын басқарды.
Сонымен бірге, Lenovo-ның ресми ресурстарының ешбірінде бөлім жетекшілігінің алмасқаны жайлы хабар жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Леновоның Орта Азия аймағына жауапты Қазақстандағы бөлімі 2012 жылдың ортасында ашылған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар! Сондай-ақ, бизнеске қатысты өзге де жаңалықтармен хабардар болыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024