Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың 1 қыркүйегінде орташа зейнетақы мөлшері 66 051 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазір 669,6 мың адам мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алуда. Оның ішінде 506,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 161,2 мың адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, 1,8 мың адам жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған. Зейнетақы алатын азаматтардың саны 2 104,2 мың адамға жетті.
Ал, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 32 392 теңгені құраса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін көмек құны 28 571 теңгені, сондай-ақ, жасына байланысты алатын әлеметтік жәрдемақы 12 719 теңгені көрсетті.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





