Қазақстандағы құрылыс нарығына теңге курсының еркін айналымға жіберілуі әсер етеді. Алдағы жылы нарық 35 пайызға құлдырауы мүмкін деп жазады LS.
«THS GROUP» құрылыс холдингінің құрылтайшысы Қайрат Құдайбергеновтың болжамынша, бір жылдан кейін құрылыс нарығы 30-35% құлдырайды. Қазақстандағы белсенді құрылыс 2-3 жылға тоқтап қалады. Оның сөзінше, соңғы девальвациядан кейін (2014 жылдың ақпанында 20 пайызға құлдырады - 7kun.kz) нарық 28 пайызға, бір жылдан кейін 17-18 пайызға төмендеген. "Жаңа тұрғын үйдің бағасы құрылыс материалдары мен жұмысшылардың жалақсының жоғарылағанына байланысты қымбаттай түспек. Fitch мәліметінше, 20 тамызда теңге долларға қатысты 22 пайызға әлсіреді. Бір жыл ішінде жаңа үй бағасы да осынша көлемде қымбаттауы мүмкін. Бірақ ішкі нарықтың жағдайын, материалдар құны мен әлеуметтік үй құрылысының құнын ескеру керек", - деді сарапшы. Оның атап өтуінше, техника шетелден сатып алынғандықтан нарықтағы бағалар қайта қаралады. Теңге курсының өзгерісіне байланысты қазақстандық және ресейлік құрылыс материалдарының бағасы теңеспек. Қ.Құдайбергеновтың болжамынша, құрылыс компаниялары люкс және орта класстағы тұрғын үй кешендерін салатын қымбат жобалардан бас тартады. Олар жұмыс көлеміне байланысты үлкен маржа алатындықтан әлеуметтік тұрғын үй құрылысына көшпек", - деп қорытындылады Қ.Құдайберген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024