Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы құрылыс нарығында құлдырау байқалды

Қазақстандағы құрылыс нарығында құлдырау байқалды
Бір жыл ішінде Қазақстанға құрылыс 30-40%-ға азайды. Бұл туралы THS GROUP холдингінің басшысы Қайрат Құдайберген мәлімдеді.  Құлдырауға теңге әлсіреуі себеп болған. Сондай-ақ банктер тарапынан кредиттер берілуінің азаюы да әсер еткен. "Қаржының болмауы құрылыс нарығына үлкен соққы болды. Банктер белсенді түрде несиелендіруді азайтты. Ең арзан несие 21%-бен беріледі, ал қайтару уақыты 5-7 жылдан 1-2 жылға дейін азайтылды. Және бұл тек құрылыс нарығына ғана емес, жалпы бизнеске де қатысты. Сондықтан алдағы 2-3 жылда құрылыста қатты өсім болады деп күтудің қажет жоқ",- деп түсіндірді ол. Құдайбергеннің атап өтуінше, тұрақсыз теңге курсы әліге дейін негативті ықпал етуін жалғастырып жатыр. "Біз шетелден өте көп материал алып келеміз. Теңгедегі өзгерістер құрылыс нарығына қатты әсер етіп жатыр. Сондықтан шетелдік келісім-шарттар доллармен есептеледі. Келісім-шарт белгілі бір сомаға жасалынғанымен, белгілі бір уақыттан кейін теңгемен қайта есептегенде көбірек төлеуге мәжбүр болады. Компаниялар құрылғылар мен жеткізуге келгенде көп шығын шегеді", - деп түсіндірді кәсіпкер.  Оның сөзінше, Ұлттық банктың теңге курсын ретке келтіру бойынша жұмыс істеген нарық ойыншылары үшін жақсы болар еді. Егер компаниялар алдағы бірнеше айда курс қаншалықты өзгеретіндігі біліп отырса, қаржыларын тиімді пайдалана алады. Дегенмен ол жаңа салынған тұрғын үйлер үшін баға төмендейді деп күтудің қажеті жоқ дейді. Себебі қазір компаниялар минимумға дейін жетті. Егер баға одан әрі төмендер болса, құрылысшылар табысқа ие бола алмайды. "Екінші нарықта баға 20-30%-ға төмендеуі мүмкін. Қала орталығында және элиталы аудандарда арзандау аз ғана болғанымен, мөлтек аудандарда айтарлықтай құлдырау байқалады", - деп қорытындылады Құдайберген. 

Похожие материалы