Қазақстанда жүргізіліп жатқан жария ету процесі көңілден шықпайды. Бұл туралы қаржы министрлігіндегі мемлекеттік кіріс комитетінің басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев мәлімеді деп хабарлайды LS.
Жария ету мөлшері жоспарланған 2,2 трлн теңгенің 8,6%-ын құрайды. "Заң жазылған кезде капитал мен жылжымайтын мүлікті қосқандағы 10-12 млрд доллар деген сома туралы айтылды. Бұл шамамен 2,2 трлн теңге, ал бүгінде 190 млрд теңге жария етілген. Олардың ішінде Қазақстан аумағында 130 млрд теңгенің мүлігі, республикадан тыс жерде 216 млн теңгенің мүлігі заңдастырылды. Жария етілген қаржы мен жария үшін жарнаның мөлшері тиісінше 59,3 млрд теңге және 2,4 млрд теңгені құрайды", - деді ол.
Жекелей алғанда ол шетелдегі мүліктің жария ету процесінің баяу жүріп жатқандығын мәлімдеді. Е.Сағынаевтың атап өтуінше, 23 сәуірде барлығы 8 обьект қана заңдастырылған.
"Біздің ойымызша, бұл Қазақстан үшін аз ғана сома. Біз барлығымыз шетелде қаржысы мен дүние-мүлкі бар қазақстандықтардың өте көп екендігін білеміз. Сондықтан аталған сомалар Қазақстан үшін қажетті көлем емес. Әлі жұмыс істеу керек. Жария ету сомасы мен шетелдегі жария етілген субьектінің көлемі жоғары болу қажет. 2006-2007 жылдары жария ету туралы акция жүргізілгенде, соңғы 3 айда 75% капитал заңдастырылған еді", - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды жеке мүлкі мен капиталын жария етуге шақырды.
«Жария ету — осыған дейін болғанның барлығын ашудың соңғы мүмкіндігі, осында (Қазақстанға) ақшаны әкеліп, тыныш өмір сүру. 2 жылдан кейін 17,5 млн адамның шығындары мен табыстар декларациясы болады. Мен тағы да кепілдік беремін. Ақшаларыңды Қазақстанға әкеліңдер, олар бізге жұмыс істесін»,-деді ол Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVI съездінде.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі апта ішінде қазақстандықтар 22,7 млрд теңгенің сомасына мүлік заңдастырған.
Айта кетейік, жеке мүлкі мен капиталын жария ету акциясы өткен жылдың 1 қыркүйегінде басталды. Енді 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024