Алдағы 3 жылда Қазақстандағы жол құрылысы мен коммуникацияға 14 млрд доллар бағытталады. Бұл туралы ҚР президенті Астанадағы экономикалық форум кезінде мәлімдеді. Қаржының үштен бірінен көбі халықаралық әріптестер арқылы берілген деп хабарлайды lsm.kz.
"Инфрақұрылымға салынатын инвестиция даму сатысына қарамастан көптеген елдің экономикалық күн тәртібінде тұр. Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне көп сенім артылып отыр. 50-ден астам ел банктың қызметіне араласуға ниетін білдірді. Қазіргі көптеген теңіз маршруттары халықаралық сауданың өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы сауда көлемі 600 млрд долларды құрайды. 2020 жылға қарай бұл цифр 800 млрд долларға дейін өседі. Сондықтан дамушы Азия үшін құрлықтағы маршруттың маңызы зор. Дәлелденгендей бұл жол теңіз маршрутына қарағанда әлеқайда қысқа болады. Біз бұл жерден жаңа мүмкіндік көріп тұрмыз", - деді Н.Назарбаев жиын кезінде. Сондай-ақ, ол ҚХР басшысының "Жібек жолы" экономикалық белбеуі" атты ұсынысының өте маңызды екендігін де атап өтті. "Біз алғашқылардың бірі болып бұл ұсынысты қолдадық. Бірінші жобамыз ретінде ұзындығы 8 мың шақырымға созылған "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автомобиль магистралін атап өтуге болады. Оның 3 мың шақырымы Қазақстаннан өтеді және осы жылы құрылысы аяқталуы қажет. Қазақстандық аумақтағы жүк көлемі жылына 30 мн тоннаны құрайды. Трасса тек Қытай мен Қазақстанды ғана емес, Ресей мен Еуропаны байланыстырады. Орта Азия елдерінің қатысуына мүмкіндік туады. Қосымша темір жол құрылысы да жүргізіліп жатыр", - деді мемлекет басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024