Қытай азаматтары Қазақстанның еңбек нарығын жаулауда. 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында олардың саны шамамен екі есеге өскен. Бұл жөнінде еңбек және әлеуметтік даму комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов мәлімдеді.
А. Сарбасовтың айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартысында 38,3 мың шетелдік азамат жұмысқа рұқсат алған. Соның ішінде 12,36 мыңы - Қытай азаматтары. Яғни, Қазақстандағы әрбір үшінші шетелдік жұмысшы Қытайдан келген. Өткен жылы олардың саны 6,5 мыңнан сәл асып тұрған еді. Көбіне ҚХР азаматтары құрылыс, кен өндіруші өнеркәсіптерде жұмыс істейді. Комитет төрағасы Қазақстан заңнамасына сәйкес, Қытай азаматтарына жұмысқа рұқсат беруде олардың саны шектелмейтінін жеткізді. Ақпарат көзі: lsm.kzТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024