Қазіргі таңда Қазақстанда жарты миллионға жуық адам жұмыссыз. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің брифингінде «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов мәлімдеді.
"Екінші тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық көлемі 5% деңгейінде. Яғни жұмыссыздар 448,5 мың адамды құрап отыр. Халықаралық еңбекпен қамту ұйымының бағамы бойынша, әлемде жұмыссыздық көлемі 5,9%. Бұл 200 млн адам жұмыс іздеп таба алмай жүр деген сөз" - деді Д. Арғындықов.
ЕУРОСТАТ-тың мәлімдеуінше, Еуропада шілде айында жұмыссыздық көлемі 9,5% болған. Ал Экономикалық серіктестік және даму ұйымына (ЭСДҰ) мүше елдерде жұмыссыздық биылғы жылы 6,9%-ды құрады.
Сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының басшысы дәл осындай көрсеткішке Испания, Грекия, Португалия елдері ие екенін мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024