Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияны құруға арналған кеңес өткізді деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
"Қазақстан Президенті ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Комиссияны Премьер-Министр К.Мәсімов басқарады, орынбасары Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин болады.
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын ұлттық экономика министрі Е.Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары Д.Назарбаева басқарады.
Сондай-ақ комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде «Назарбаев Университеті» АБҰ президенті Ш.Катцу кірді.
Бұған қоса, Н.Назарбаев Үкімет құрамы сақталатынын айтты.
"Олардың бәрі осы құрамда ынтымақпен жұмыс істеді, қойылған міндеттерді орындай алды. Мен ешқайсысын да алмастыру қажеттігін көріп тұрған жоқпын, сондықтан жұмыстарын жалғастыратын болады", - деп келтіріледі хабарламада Президен сөзі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024