Алматы. 28 қыркүйек. 7kun.kz - Соңғы бірнеше тәулікте қазақстандық банктердің серверлеріне хакерлік шабуылдардың жиілегені байқалды. Бұл туралы Qazkom әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Qazkom-ның мәлімдеуінше, хакерлер шабуылына ұшыраған банктер қатарында Homebank те бар. Банк қызметкерлері көптеген IP адрестерден жасалған Ddos-шабуылдарды байқаған. Мұндай хакерлік шабуылдар өз кезегінде банк порталының бұғатталуына алып келеді.
"Банк қызметкерлері сайт және тұтынушылар шоттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салады. Сол себепті банк операцияларындағы кідіруі мен порталдың уақытша жұмыс істемейтіндігі үшін кешірім сұраймыз",-делінген Qazkom-ның мәлімдемесінде.
Мейірхан Амангелдиев
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





