Қазақстандық өндірушілер Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің көмекқаржысын ала алады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Владимир Мальцев хабарлады.
"Біздің пікірімізше, ЕАО өндірушілері - көмекқаржы алушылар үшін ортақ талаптар мен шарттарды белгілеу жеткілікті дәрежеде тиімді механизм бола алады. Белгілі бір шарттарды немесе өндірістік процеске қойылатын талаптарды келістіру кезінде ұлттық көмекқаржы тек отандық өндірушілер үшін ғана емес, осы талаптарға жауап беретін ЕАЭО-ның басқа елдерінің өндірушілері үшін де қол жетімді болады", - деп мәлімдеді Е.Мальцев сәрсенбі күні Астанада өткен ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының жобасын талқылау жөніндегі толық отырыс уақытында. В.Мальцев ЕЭК-те ЕАЭО ішіне жеткізуге арналған экспорттық несиелерді ұсынудың бірыңғай талаптары мен шарттары әзірленіп жатқандығын айтты. "Көмекқаржының саланың дамуына көрсететін экономикалық ықпалын бағалау есебінен елдер ұсынатын көмекқаржыларына жүргізілетін талдау мен мониторинг кеңейтілетін болады, яғни бір мүше-мемлекеттің ішінде ғана жүргізілмейді, бұл жеке өнім түрінің артық өндіру, бәсекелестік күресті негізсіз жоғарылату, жеке мемлекеттер нарығының серіктес елдердің өнімінен оқшаулану қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ЕЭК өкілі. Оның айтуынша, мүдделі өндірушілер комиссия аясында құрылған арнайы ақпараттық ресурстан оларды қызықтырып отырған мемлекеттегі қолдау шаралары туралы қажетті әрі өзекті ақпаратты ала алады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024