Молдаван металлургиялық зауытының бас директоры болып қазақстандық бизнесмен Талғат Байтазиев сайланды.
Бұл жөнінде Приднестровтық Молдаван Республикасының президенті Евгений Шевчук жария етті. 10 наурыз күні Молдаван металлургиялық зауытында (ММЗ) зауыттың ақпанда мемлекет меншігіне өткеннен кейін алғаш рет қорытпа шығарылған еді.
Шевчуктің айтуынша, зауыт жалпы көлемі 140 млн доллардан артық болатын қара металл сынықтарын жеткізу түрінде тауарлық несие алған. Қазір зауытта 4 млн доллар көлемінде шығын бар.
"Негізгі мақсат - шығынсыз өндіріске шығу. Кейін одан пайда алу. Наурыз айына 37 мың тонна металл бұйымын шығару жоспарланып отыр", - дейід ол. Шевчук ақпан айының басында-ақ 40 млн долларға металл сынықтарын сатып алуға даяр жаңа инвестор тапқандығын айтқан еді. Десе де, есімі құпия сақтаулы.
Талғат Байтазиев Атырау мұнай және газ институтының түлегі, 49 жаста. 2014-2012 жылдары Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған. 2012 жылдың желтоқсанында Batumi Industrial Holdings Ltd компаниясының бас директоры етіп бекітілген.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024