Cinemax кинотеатрлар желісі 2017 жылы билет сатудан 1,9 млрд теңге табыс тапты
Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Cinemax китотеатрлар желісі 2017 жылдың нәтижесімен бөлісті деп жазады lsm.kz.
Cinemax директоры Әлия Бисімбаеваның айтуынша, кинотеатрлар желісінің 2017 жылдағы табысын 2016 жылмен салыстырғанда 61 пайызға дейін көбейіткен.
"Билет сатудан түскен жалпы табыс 1,9 млрд теңгеге жетті. Ал 2018 жылдың алғашқы кварталында біз 608 млн теңге табыс таптық. Сондай-ақ, көрермендердің саны 64 пайызға өсіп, 1,9 млн адамға жетті",-деді Әлия Бисімбаева.
Бисімбаеваның айтуынша, 2018 жылы қазақстандық кинопрокат нарығы үш есеге дейін ұлғаюы мүмкін екен.
"Қазақстандағы кинопрокат алдағы уақытта екі-үш есеге дейін көбеюі мүмкін. Ресейдегі кинопрокат нарығының қалай ұлғайғанын есептей отырып, осындай болжам жасауға болады",-деді Бисімбаева.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024