Қазақстандық компания қызметкерлерінің 40 пайызы алдағы 12 айда орындарын сақтап қалатындықтарына сенімді емес. Бұл туралы онлайн-рекрутинг бойынша ресурс HiPO.kz сауалнамасының қорытындысына жазылған.
Респонденттердің жартысынан астамы (57%) алдағы бір жыл көлемінде өздерінің сұранысқа ие болатындықтарына сенімді екендерін айтады. Сауалнамаға қатысқандардың тағы 62 пайызы соңғы 12 ай көлемінде жалақыларының көтерілмегендерін мәлімдеді. Мұндай мүмкіндік респонденттердің 35 пайызына ғана берілген. Өздерінің сұранысқа ие екендіктеріне сенімділіктерін қызметкерлер ұқыптылығы мен біліктілігінің көтерілуімен түсіндіреді. "Өз бетіңізше біліктілігіңізді арттырдаңыз ба?" деген сұраққа сұралушылардың 70 пайызы "иә" деген жауап береді. Әрбір 10 қызметкердің 3-і кәсібилігін жоғарылатуға "жеке қалтасынан" қаржы жұмсамағандығын айтады. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға өз беттерінше көңіл бөлуін компания басшылығының ұжымындағы кәсібилік деңгейін арттыруға инвестиция салмайтындықтарымен түсіндіруге болады. Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 60 пайызы жұмыс істейтін компания қызметкердің оқуына қаржы құймайтындықтарын мәлімдеді. HiPO.kz негізін қалаушы Муслим Жолдаспаевтың айтуынша, сұралушылардың 40 пайызы қызмет орындарының сақталуына сенімсіздік білдіруі - қауіпті белгі. "Біздің пікірімізше, мұны экономикалық жағдайдың төмендеуімен және тұтынушылық сұраныстың азаюымен байланыстыруға болады. Таңғалдырған екінші фактор ретінде Қазақстандағы ірі компаниялардың персонал біліктілігіне қажетті деңгейде инвестиция салмауын айтуға болады. Бірақ бұл жерде қызметкерлердің қарап отырмай, өз беттерінше білімін арттыруға тырысып жатқандары көңіл қуантады", - дейді ол. Онлайн-рекрутинг бойынша HiPO.kz ресурсы жүргізген сауалнамаға ірі қазақстандық және халықаралық компаниялардың қызметкерлері қатысты. Олардың арасында Samsung Electronics, TengizChevroil, Назарбаев Университеті, "Колеса|Крыша|Маркет" компаниясы, Қазтеміртранс, ҚР Ұлттық Банкі, Альфа-Банк, Kaspi Bank, Цеснабанк және басқалары да бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024