Жұма күнінің нәтижесі бойынша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) біраз компаниялардың акциялары түсіп кеткен деп хабарлайды LS.
Kcell акциялары бір күннің ішінде 3,8 пайызға немесе 1,459 мың теңгеге дейін арзандаған. Ал, жалпы сауда аптасында бағалар 5,4 пайызға түскен. Құнды қағаздары түскендердің ішінде KAZ Minerals PLC те бар. Ол 545,94 теңгеге (-3,7 пайыз) төмендеген. ҚазТрансОйлдың қағаздары аздаған ғана түсім көрсетті - 0,6 пайыз немесе 800 теңге. Халық банкінің акциялары 0,3 пайызға, 39 теңгеге арзандаған. Жақында ғана 580 теңгеге көтерілген KEGOC-тың акциялары 520 теңгеге төмендеген (-0,2 пайыз). Керісінше, көтерілгендердің ішінен тек қана Қазақтелеком акцияларын айтса болады. Өсім көрсеткіші - 11,650 мың теңгеге немесе 4 пайызға тең. Отандық биржа саудалары KASE индексінің 0,54 пайызға төмендеуімен аяқталды. Десе де, акцияларға қатысты келісімдер көлемі өткен күнмен салыстырғанда 24 шілдеде 3,2 есеге көбейіп, 319,3 млн теңгені құрады. Ең максимум түсім көрсеткен - Kcell акциялары. Олар 2,84 пайызға азайған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024