Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қазақстандық шипажайларға 874,1 мың адам келіп демалды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 32,2 пайызғаға артқан. Сонымен қатар 10 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды LS.
Осы уақытқа дейін олар 10,6 млрд теңгеге жуық табыс тапты. Бұл 2016 жылдың үш тоқсанымен салыстырғанда 25,5 пайызға артық көрсеткіш. Өткен жылы бұл қаражаттың соммасы 8,5 млрд теңге құраған. Сонымен қатар, 858 300 қонақтар Қазақстан Республикасының тұрғындары, 15,8 мыңы - басқа елдердің азаматтары (өткен жылмен салыстырғанда 18,5 пайызға артық) болып саналады.
Тоғыз айдың ішінде Алматы облысының курорттық аймағы 3,8 млрд теңге, Бурабай - 3,3 млрд теңге, Кендірлі - 535,5 млн теңге табыс тапқан.Сонымен қатар, Алакөл және Бұқтырма курорттық аймағының демалыс үйлері мен санаторийлері 440,4 млн теңге, Баянауыл - 312,9 млн теңге, Қарқаралы - 407,8 млн теңге пайда тапты.
Өз кезегінде, Сарыағаш курорттық аймағының туристік объектілері 39,2 млн теңге, Қостанай - 154 млн теңге, Алтайдың қазақстандық бөлігі - 345,6 млн теңге, Зеренді демалыс үйлері 390,5 млн теңге, Балқаш 344,1 млн теңге табыс жинады.Сонымен қатар Шымбұлақтың туристік және спорттық нысандары 42,6 млн теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024