Бір жылдың ішінде қазақстандық шипажайлардың құны 11,5 пайызға, қонақүйлерде тұру бағасы 11 пайызға қымбаттаған. Одан бөлек, қонақүйлер мен демалыс үйлері, туристер тұратын басқа да орындар 12,7 пайызға артқан. Қазақстанға келген туристер қонақүйде түнеген бір түн үшін 8728 теңге берген, өткен жылы бұл көрсеткіш 7858 теңге еді. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Ірі қалалар мен мегаполистерде орналасқан қонақүйлердегі бөлмелер бағасының қымбаттылығы жөнінен Алматы (тәулігіне 15,6 мың) мен Астана (тәулігіне 11,9 мың) көш бастап тұр. Ең арзаны - Жезқазғанда (5,6 мың теңге). Бағасы қарқынды қымбаттап жатқан Семейде, қалада бөлмелерді жалдау 1,5 есе қымбаттап, тәулігіне 6,4 мың теңгеге дейін жеткен.
Шипажайлардың бағасы 11,5 пайызға қымбаттап, 2016 жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша 9129 теңгеге жетті. Ең қымбат шипажай Қостанай (бір күні 14,1 мың теңге) және Астана қаласында (13,8 мың теңге). Ең арзан шипажай - Жезқазғанда, шипажайдағы бір тәулікке 7,5 мың теңге төлейсіз. Бағасы ең қарқынды өскен Қостанай - қаладағы шипажайдың бағасы 47,2 пайызға қымбаттаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024