Бүгін Бейжіңнің бас алаңы Тяньаньмэньда Жапониямен соғыстағы Жеңісінің 70 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған ауқымды шеру өтті. Қазақстаннан бұл шараға Аэроұтқыр әскерлерінің құрмет қарауыл ротасы қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қытайдың бас алаңында 32 топ адымдап өтті, оның ішінде 15-і парадты өткізіп отырған Қытай елінің әскерилері. Ерекше дайындалған 76 қазақстандық әскерилер қытай маршының әуенімен Бейжіңнің бас алаңында шетелдік сарбаздар арасында жетінші болып өтті. Барлығы парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, Куба, Мексика, Сербия, Мысыр және тағы басқалары бар. «Біз ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы Қытайдағы парадта Қазақстанды көрсету мүмкіндігі берілгенін мақтаныш тұтамыз. Бұл іс- шарада біз қазақстандық армияның қуаты мен айбынын көрсетіп, елімізді жоғары деңгейде танытқанымызға сенімдіміз», - деді құрмет қараулы ротасының командирі капитан Мақсат Байжігітов. Дайындық уақытында ҚХР халықтық қарулы полициясы Пекин командалық училищесінің аумағында 6 бірлескен жаттықтыру өткізді. Онда шет елдердің әскери қызметшілері орналастырылып, дайындықтан өткенін айта кеткен жөн. Құрмет қарауыл ротасына еліміздің Қарулы Күштерін көрсетуге машықтанған 22 мен 28 жас аралығындағы қазақстандық армияның үлгілі әскери қызметшілері іріктеліп алынған. Еске сала кетейік, шараға әлемнің 23 мемлекетінің көшбасшылары қатарында ҚР Президенті Н.Назарбаев та қатысты. Тұңғыш рет үлкен ауқымда өткен шеруге ҚХР-ның 12 мың әскери қызметкері, 500 дана техника мен 200 ұшақ қатысқан. Техниканың 84%-ы жұртшылық назарына тұңғыш рет ұсынылған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024