Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық тұтынушылар өз құқықтарын білмейді - министр Сүлейменов

Қазақстандық тұтынушылар өз құқықтарын білмейді - министр Сүлейменов

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz - Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. 

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 19 мыңнан астам тұтынушылық өтініштер қаралды. Өтініштерге сәйкес 287 әкімшілік іс қозғалған.

«Келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесі қазақстандық тұтынушылардың өз құқықтарын білмейтінін және қашан әрі кіммен байланысуға болатыны туралы жеткіліксіз хабардар екенін көрсетеді», — деп хабарлады Ұлттық экономика министрі.

Тимур Сүлейменов электронды сауданың серпінді дамып келе жатқан салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өте төменгі деңгейі байқалатынын атап өтті.

«Электрондық сауда саласында тауарларды электрондық сатумен айналысатын субъектілерді тіркеу тетігін енгізуді және тұтынушылардың құқықтарын жүйелі түрде бұзатын сайттарға сот шешімімен тыйым салуды ұсынамыз», — деді министр Тимур Сүлейменов.

Ұлттық тұтынушылар лигасының ұсынысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға құзырет беруді ұсынады.

Похожие материалы