Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 2 мыңнан астам алтын құймаларын сатып алды

Қазақстандықтар 2 мыңнан астам алтын құймаларын сатып алды

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Ұлттық банк қаржы институттары арқылы қазақстандықтарға 2 мыңнан астам алтын құймаларын немесе 75,34 кг алтын сатты, деп хабарлайды LS.

Бас банктің мәліметтері бойынша, бағдарламаның алғашқы 9 айы ішінде ел тұрғындары 2095 алтын құймаларын немесе 75 340 грамм алтын (2018 жылғы 1 наурыздағы Ұлттық банктің деректеріне негізделген шамамен 1 млрд теңге) сатып алған. Еске салайық, реттеуші қымбат металды 2017 жылдың 31 мамырынан бастап сата бастады.

«Бұл бағдарлама банктер арқылы жүзеге асырылатындықтан, біз қазақстандықтардың алтын құймаларын сатып алуға қанша ақша жұмсайтынын білмейміз. Олардың құны долларға шаққандағы алтынның таңертеңгі фиксингіне және долларға шаққандағы теңгенің ресми бағамына байланысты. Сонымен бірге, бағдарламаға қатысушы банктер бағаны өздері белгілейді», - деп түсіндірді Ұлттық банк.

Сату көлемі бойынша Халық банкі көш бастап тұр – 70 пайыз. Одан кейін Еуразиялық банк 21 пайызбен жалғасады. Үшінші орынға 9 пайыз үлесімен Цеснабанк ілікті.

Алтын құймалары арасында ең көп сатылғаны 10 граммдықтар. Одан 909 дана сатылды. 20 граммдық алтын құймалары 465 дана, 50 граммдық 303 дана және 100 граммдық 418 дана сатылды.

Бағдарламаны іске қосқан күні, яғни 2017 жылдың 31 мамырында 1 грамм алтынның бағасы 12 790 теңгені құраған болатын. Ал, 2018 жылы 1 наурызда 13 596 теңгеге артты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы