Экономика
Авто
Қазақстандықтарға заң жүзінде коллекторларды видеоға түсіруге рұқсат беру ұсынылды
Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банк өкілдері коллекторлық агенттіктермен біріге отырып, қазақстандықтарға коллекторлармен жұмыс істегенде оларды аудио немесе видеотехника арқылы түсіруге болатын мүмкіндік беруді ұсынды, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Коллекторлық қызмет туралы" заңнама аясындағы ұсынылған түзетулерде айтылады.
Қаржы нарығының әдіснама департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, коллекторлар видеоға түсуден бас тартатын болған жағдайда, қарыз алушы Ұлттық банктегілерге арызбен келе алады. Заңнама бойынша, қарыз алушы коллектордан олардың жеке кездескен кезінде видео немесе аудионы қолдануын талап ете алады. Егер де коллектор ол талапты орындамайтын болса, қарыз алушы одан талап етуі керек. Немесе ол Ұлттық банкке шағымдана алады. Егер де коллектор видеоға түсуден бас тартатын болса, қарызға алушы тіпті онымен жұмыс істеуден бас тарта алады. Себебі, борышкердің коллектордан аудио мен видеоны талап етуге құқы бар", - деп түсіндірді Қаржы нарығының әдіснама департаментінің директоры.
Сонымен қатар, заңнама аясында қарыз алушылармен қарым-қатынасын бұзып, ережелерді бұзған жағдайда коллекторлық агенттіктерге қатысты бірнеше санкцияны орнату ұсынылды.
Сондай-ақ, түзетуде қарыз алушыларға шектеу қою кажеттілігі ұсынылды. Оларға коллекторлардан жеке байланыс жайлы мәліметті, оқу орны, табысы мен шығыны жайлы, отбасы мүшелері, мекен-жайы, мүлкі жайлы ақпараттарды жасыруға тыйым салу ұсынылды.
Сонымен қатар, Ұлттық банк өкілдері мазаны алатын коллекторлар мен банк өкілдерінің мәселесіне қатысты түсінік берді. "Егер де коллектор үшінші бір адамға қарыз алушы жайлы ақпаратты айтатын болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Әбдірахманов.
Қаржы нарығының әдіснама департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахманов қазақстандықтардан банктегілерге таныстарының номерін таратпауды сұрады. "Сондықтан достарыңыз қарыз ақша алып жатқан кезде, сіздердің телефон номерлерінізді бермеуін сұраңыз. Банк несие берді. Борышкер оны қайтармады. Содан банк борышкердің басқа да көрсеткен номерлеріне хабарласады" , - деді Әбдірахманов. Оның айтуынша, Ұлттық банк өкілдері қарызға ақша алмаған азаматтар мен коллекторларға байланысты мәселені тағы да қарастырады.