Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында байланыс кәсіпорындары 239 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды LS.
Салыстырмалы бағада бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңдегіден 6,9%-ға артық. Бұл ретте қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтеріне 9 млрд теңге (4,3%-ға), жергілікті телефон қызметтеріне 13,4 млрд теңге (4,4%-ға төмен), интернет желісіне қатынау қызметтеріне 79,5 млрд теңге (өсім 7,8%), ал ұялы байланыс қызметтеріне 72,8 млрд теңге (4,7%-ға көп) жұмсалды.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кеңжолақты интернетке (33,2%) және ұялы байланысқа (30,6%) кетеді. Басқа телекоммуникация қызметтері кірістердің 17,6%-ын, ал жергілікті телефон байланысы қызметтері 5,6%-ды, кабельдік инфрақұрылымды және сымсыз желілерді тарату қызметтері 4,9% құрады.
Айта кетейік, сәуір айында телефон желісі тіркелген абоненттер саны 3,6 млн, ұялы байланыс 26,5 млн, интернетке қосылатын ұялы байланыс абоненттері 13,6 млн, тіркелген интернет-абоненттері - 2,6 млн бірлікті құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024