Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандықтар бір айда шетелге 50 млрд теңге ақша аударды. Алайда, шетелден одан екі есе кем қаражат қайтарылды, деп хабарлайды Ranking.kz.
2017 жылдың қараша айында ақша аударымдары арқылы шетелге 50,4 млрд теңге аударылды. Бұл қазан айына қарағанда 1,5 млрд теңге кем көрсеткіш. Ал, шетелден, керісінше, бар болғаны 27,5 млрд теңге аударылған.
Жалпы, толымсыз 2017 жыл үшін шетелге 449,1 млрд теңге жіберілген.
Ақша аударым сервисі арқылы шетелден 62 пайызға аз қаражат алынды.
Қазақстаннан шетелге аударылатын ақша бойынша Ресей Федерациясы, Өзбекстан, және Қырғызстан көш бастайды. Жалпы аударылатын ақша көлемінің 65,2 пайызын құрайды.
Ресейге бағытталған ақша аударымының көлемі 171,6 млрд теңгеге ұлғайды. Ал, мемлекет үлесі 42 пайыздан 38,2 пайызға төмендеді.
Өзбекстанға аударылатын қаражат 83,5 млрд теңгеге артты. Үлесі 17,2 пайыздан 18,6 пайызға кеміді.
Ал, Қырғызстанға 38 млрд теңге аударылды. Мемлекет үлесі 6,1 пайыздан 8,5 пайызға артты.
Ал, керісінше, шетелден келіп түскен қаражаттың жартысына дерлігі Ресейден аударылады – 144,9 млрд теңге. Ресейдің үлесі бұл тарапта 55 пайыздан 52,3 пайызға кеміді.
Екінші орында – Оңтүстік Корея. 11 айдың ішінде 18,8 млрд теңге аударылды.
Қырғызстаннан 15,9 млрд теңге келіп түсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024