Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz - Жылжымайтын мүлік бағасының тұрақты болуы тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің артуына ықпал етіп отыр. 2016 жылы Қазақстанда жеке үйлер мен пәтерлерді сатып алу-сату бойынша 190 мың келісім жасалған. Бұл туралы ranking.kz агенттігі хабарлады.
Көрсеткіш 2015 жылғы нәтижемен (5%) салыстырғанда 15%-ға немесе 24 мың бірлікке дейін артқан.
Агенттіктің мәліметінше, қазақстандықтардың нақты табысының азаюы үйлерді сату-сатып алу келісімінің көп болуына кедергі жасап отырған жоқ. Сатушылар мен сатып алушылар нарықтағы баға тұрақтылығын ұтымды пайдаланып отыр. Себебі 2015 жылы баға көтеріліп кеткенмен, 2016 жылы қайта төмендеді. Өткен жылы Қазақстанда жаңа салынған үйлердің шаршы метрінің бағасы 4 пайызға түскен, ал қайталама нарықтағы баға 1 пайызға төмендеген.
Айта кетейік, 2015 жылы теңгенің еркін айналымға жіберілуіне байланысты жағадан салынңан тұрғын үйлердің бағасы 20%-ға, қайталама нарықтағы үйлердің құны 10%-ға өскен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024