Экономика
Қазақстандықтар ұлттық компания басшыларының табыстары туралы біле алады
Қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания басшыларының табыстары туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Сондай-ақ "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заң жобасына жаңа өзгерістер енгізіледі деп хабарлайды LS.
"Жемқорлық ақпаратқа қол жетпеген жерден басталады. Барлық деңгейде ақпарат барлығына бірдей болуы қажет", - деп мәлімдеді құжат авторларының бірі депутат Мәулен Әшімбаев. Ақпаратқа ие болушылардың тізіміне мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілер, бюджет қаржысын алушылар, нарық субъектілері, доминантты немесе монополды статусқа ие заңды тұлғалар, азаматтардың қауіпсіздігіне негативті әсер ететін ақпаратқа ие дереккөздер енгізілді. Сондай-ақ, мәліметтерді интернет-порталда жариялап отыру, парламент, мәслихат және мемлекеттік органдардың ашық жиналысының онлайн-трансяциясын жүргізу көзделуде. Ақпаратты ұсыну мерзімі - 20 күн. Заң жобасы қабылданғаннан кейін 70 пайыз ақпарат ашық, 20 пайызы мемлекеттік қызмет, 10 пайызы мемлекеттік құпия туралы мәлімет болады деп күтіліп отыр. Ақпаратқа қол жеткізуді заңсыз шектегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Барлық ашық ақпаратты қазақстандықтар "ашық үкімет" порталы арқылы ала алады. Барлық статистикалық база, барлық ақпарат, барлық заң жобалары жинақталған "Ашық үкімет" порталының ашылуы халыққа өз пікірін білдіруге немесе дауыс беруге мүмкіндік береді. "Біз арнайы мамандармен сөйлестік, олар бұл платформаны бір жыл ішінде бітіреді. Аталған платформаның құрылуы азаматтар үшін де, бизнес үшін де ыңғайлы болады", - деп есептейді М.Әшімбаев. Оның атап өтуінше, үкімет отырысының кейбір отырыстарының онлайн-трансляциялары жабық түрде өтеді. "Бұл норманы қалай іске асыру қажет - үкіметтің айрықша құзыреті. Дегенмен де парламент, мәслихат және мемлекеттік органдардың отырысы үшін міндетті норма болуы қажет. Заң жобасында ашықтық ұстанымы қаралады, бірақ ол аспектінің онлайн отырысында маңызға алынатын-алынбайтындығын әкімшілік өздері шешеді. Егер біз ашықтық мәдениетін қалыптастырсақ, атқарушы органдар да осы тәжірибені қабылдайды", - деді мәжілісмен.Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024