Алматы. 7 шілде. 7kun.kz - 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті кезеңділігі 5 жылда бір рет өткізілетін «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» біржолғы модульдік зерттеуін өткізді. Зерттеуге 10 және одан жоғары жастағы 32 301 респондент қатысты, дейді stat.gov.kz.
Зерттеу қорындылары бойынша қазақстандықтардың 53,6% орташа тәуліктік уақыты немесе 12 сағат 50 минуты жеке күтімге (9 сағат 13 минут - ұйқыға, 2 сағат 4 минут – ас және сусынға, 1 сағат 27 минут - жеке гигиена және өзін-өзі күтуге және т.б.), 2 сағат 59 минут (12,4%) – жұмысқа (жұмыспен қамтуға), 2 сағат 57 минут (12,3%) - үй шаруашылығын жүргізуге, 52 минут (3,5%) – оқуға, 18 минут (1,2%) – меншікті пайдалану үшін тауарларды өндіруге, ал қалған 4 сағат 4 минут (17,0%) - бос уақытқа келеді.
[caption id="attachment_92827" align="alignnone" width="641"] Фото: stat.gov.kz[/caption]15 және одан жоғары жастағы ер адамдар бір күнде орта есеппен жұмысқа 5 сағат 29 минут уақытын жұмсайды, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 34 минутты құрайды, алайда әйелдер (4 сағат 14 минут) үй шаруашылығын жүргізуге ер адамдарға (1 сағат 28 минут) қарағанда көп уақыт жұмсайды. Ерлерде (4 сағат 6 минут) бос уақыт әйелдерге (2 сағат 45 минут) қарағанда шамамен 2 есеге артық.
Жұмыс күні жұмыспен қамтылған ерлер жұмысқа орта есеппен 9 сағат 1 минут жұмсайды, әйелдер – 7 сағат 53 минут, бос уақытқа тиісінше 2 сағат 35 минут және 1 сағат 44 минут қалады.
Зерттеу қорытындыларымен неғұрлым толық танысу және зерделеу үшін «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» бюллетенінің электрондық нұсқасы Комитеттің www.stat.gov.kz сайтындағы «Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімінде, «Халықтың тұрмыс деңгейі» ішкі бөлімінде орналастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024