Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың маусымында теңгенің әлсірегеніне қарамастан АҚШ долларын сатып алу 1,8 пайызға (15,4 млн доллар) қысқарған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Ал доллардың сату көлемі керісінше артқан. 2017 маусымындағы өсім мамырмен салыстырған 13,5 пайызды құрады.
2004-2016 жылдың маусымында долларға сұраныс 4,4-29,6 пайыз аралығында құбылып тұрған.
Доллар сатылымының азаюуына себеп - ұлттық валютаның әлсіреуі. Маусымда доллардың теңгеге шаққандағы ресми курсы 3,3 пайызға өсіп, 327,63 USD/KZT жетті. Ал мамыр айында керісінше, курс 1 пайызға төмендеген болатын.
2017 жылдың маусымында шетел валютасына сұранысты азайтқан ҚР 5 аймағы тіркелді. Олар: Алматы (10,4%), ОҚО (9,3%), Павлодар облысы (9,3%) және т.б. Ал бір жыл бұрын доллар сатылымының қысқаруы тек бір қалада ғана байқалған.
Еске салсақ, 2017 жылдың мамырында ауырбастау пунктерінен доллар сатып алу 47,2 пайызға арқан.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024