Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан азаматтары жыл басынан бері 651 млн доллар сатқан. Бұл 2016 жылдағы көрсеткіштерге қарағанда 40 пайызға төмен деп жазады Ranking.kz сараптамалық порталы.
2017 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша, қазақстандықтар ақша айырбастау пунктілерінен (EUR/RUB/USD) 302,3 млрд теңгеге шетел валюталарын сатып алған. Бұл соңғы үш жылдағы ең төмен көрсеткіш. 2016 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 34,2 пайызға аз.
Жыл басынан бері 651 млн доллар сатылған. Бұл 2016 жылдағы көрсеткіштерге қарағанда 40 пайызға, ал желтоқсан айының нәтижесі бойынша 28,5 пайызға төмен. Теңге эквиваленті бойынша, 215,6 млрд (-45%) теңгені құрады.
Доллар сатып алудың неғұрлым төменгі көрсеткіштері 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында байқалған. Оған дейін мұндай төмен нәтиже тек 2006 жылдары ғана болған. Тіпті АҚШ валютасы 9,5 пайызға түссе де, оған сұраныс артпады.
Ал еуро мен рубльдің сатылымы керісінше өсті. 2017 жыл қаңтарда сатып алынған рубль көлемі 1,8 миллиардқа жетті. Бұл 2016 жылдың желтоқсандағы көрсеткішке қарағанда 1,1 пайызға, ал қаңтардағы көрсеткіштен 16,2 пайызға көп. Теңге эквиваленті бойынша, 59,8 млрд болды, яғни бір жылда рубль өсімі 35,9 пайызды көрсетті.
Еуроның сатылымы 76,4 млн еуроға (31,1%) өскен. Теңге эквиваленті 26,9 миллиардты құрады. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 16,1 пайыз жоғары.
Қаңтардың қорытындысы бойынша, теңге депозиттерінің жылдық өсімі бірден 2,4 пайызға артты. Ал валюталық өсім 20 пайызға қысқарды. Осылайша, ұлттық валютадағы шартты салымшылар бір жылда 6 пайызға өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024