15-ші Әлемдік Сән Көрмесі аясында Nielson Kazakhstan компаниясы бизнес-сессияда "Қазақстандықтардың қалауы қандай?" атты әлеуметтік сауалнамасының нәтижесімен таныстырды.
«Бұл сауалнаманы жүргізгендегі мақсатымыз - сатып алушының сауда жасағандағы негізгі сәттерін айқындап, неғұрлым нәтижелі маркетингтік белсенділік жүргізу болатын», - дейді тұтынушылық зерттеулер бағытының төрайымы Виктория Плотницкая.
Сауалнамаға 110 адам қатыстырылды. Оның ішінде 27-сі ер адам, 83-і әйел адам. Олардың барлығы Алматы қаласының тұрғындары, орташа жалақы алады әрі қаланың әр түрлі аудандарында тұрады.
Сауалнаманы ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар үшін баға аса маңызды рөл ойнамайды. Қатысушылардың 11%-ы ғана бағаға мән беріп алатынын, 30%-ы ыңғайлы болуын қадағалайтындықтарын айтқан.
Ортастатистикалық қазақстандық үшін брендтің орны маңызды емес. Бәрінен бұрын оларды өнімді өндіруші ел қызықтырады. Сауалнамаға жауап бергендердің тоқсан пайызы сапалы импортқа мән береді. Матаның табиғилығы да оларды толғандырмайды екен.
Десе де, сауалнама барысында сүйікті брендтер табылды. Зерттеу нәтижесінде, қатысушылардың 30%-ы Zara маркасының киімдерін, 29% - Bershka, 28% - Mango маркасының киімдерін киетіндігі белгілі болды.
Балалар киімдері арасында көшбасшы аталған LC WAIKIKI kids – 42% дауысқа ие болды. Аяқ-киім таңдауда 25%-ы Интертоп маркасы алға шықты. Қазақстандықтардың спорттық брендтері Nike (41%) пен Adidas (30%) болды.
Алматылықтардың ең танымал ойын-сауық орталығы Mega Center болды. Өзінің бос уақытын өткізуге сауалнамаға қатысқандардың 72%-ы құлықты болды. 48% - Dostyk Plaza, 45% - ADK, 24% - Essentai mall, 16% – Aport және 12% - Globus.
Жаңарған ЦУМ-ның жағдайын Union Space компаниясының бизнесті дамыту тобының директоры Музаффар Мадалиев былайша түсіндірді: «Қазір ЦУМ іші тып-тыныш. Олар McDonalds-тың келуін күтіп жүрген болуы керек. Дәл қазіргі жағдайлары көңіл көншітерлік емес».
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024