Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл қазақстандық әуе тасымалдаушыларға 800 мың тонна жанармай қажет

Биыл қазақстандық әуе тасымалдаушыларға 800 мың тонна жанармай қажет

Астана. 8 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылы әуе отынына қажеттілік өткен жылмен салыстырғанда 60,2 пайызға өседі. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Отандық тасымалдаушылардың жоспарлауынша, биыл қажетті жанармай көлемі 801 мың тоннаны құрайды. 2016 жылы бұл көрсеткіш 500 мың тонна болған.

Энергетика министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2017 жылы отандық мұнай шығару зауыттары өндіруі тиіс әуе жанармайының мөлшері 241 мың тонна болады.

Жеткіліксіз отын негізінен Ресейден импортталады. Отандық жағармайдың барлығы да (241 млн тонн) нарық субъектілері арасында бөлінеді. Air Astana жалпы есептен– 49,9%, Scat - 15,8 пайыз, Qazaq Air - 2,1%, Bek Air – 3,4% алады, ал Алматы, Астана әуежайлары – 14,5 және 8,3 пайыз үлеске ие болады.

EXPO-2017 көрмесінің өтуіне байланысты Air Astana әуе компаниясына және Астана әуежайына көрменің ресми тасымалдаушысы болғандықтан басымдық танытылды. Сонымен қатар, Qazaq Air – жергілікті дамушы компания, ал Scat – әуе компанияның әлеуметтік қажетті субсидияланған әуе маршруты ретінде маңызға ие болды.

Осылайша, жанармайдың жалпы көлемі бойынша әуе компаниялардың үлесі – 71,2 пайыз болса, әуежайлардың үлес мөлшері – 28,8 пайыз болды.

Похожие материалы