Қазақстандық жүк жөнелтушілер ішкі ресейлік тарифтерге байланысты осы жылы 250 млн доллар үнемдейді. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.
"Еуразиялық экономикалық одақ қызметін бастағаннан бері Ресейдің теңіз порты арқылы үшінші елдерге Қазақстанның темір жол транспортымен жүк таситын кезде ішкі ресейлік тариф қолданылады. Бұл транзиттіге қарағанда әлқайда төмен. Біздің есептеуімізше, осы жылы қазақстандық жүк жөнелтушілер 250 млн долларға дейін үнемдеуі мүмкін", - деді ол Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Сондай-ақ "2016 жылдан бастап жалпы фармацевтикалық нарық қалыптасуы негізінде ірі отандық өндірушілердің емдік препараттар экспортының көлемін 360 млн долларға дейін көбейте алатындығын да" мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024