Үкімет жыл соңына дейін республикалық бюджетті қайта қарауы мүмкін. Мұндай болжамды Ұлттық банк басшысы жасады деп хабарлайды LS.
«2015 және 2016 жылдарға арналған бюджет мұнай бағасы 40 доллар болған кезде жасалған еді. 2016 жылға арналған бюджетке қатысты айтар болсақ, ол кезде теңгенің жылдық орташа бағасы 250 болып тұрады деп жоспарланған болатын. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай, баға сәл өсті. Жылдың соңына дейін қосымша шығындар болмаса, бюджет нақтыланатын болады, Бірақ, анық ақпарат маған беймәлім», — дейді Келімбетов. Ол бұрынғы валюталық нарықтың сызбасы қандай болғанын еске салды. «Бірінші құрауыш - айырбас нарығы. Екіншісі - бір күндік айырбас нарығы. Үшіншісі - ұлттық компаниялардың ұлттық қорларынан алынатын түрлі қарыздар мен бюджет бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Ұлттық қордың ақша айырбасы. Жыл сайын біз бюджетке теңгелік эквивалентпен 80 млрд доллар шамасында, "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға 3-4 млрд доллар және ұлттық компаниялар үшін белгілі сомада Ұлттық қорды басқару кеңесінің шешімімен айырбастап жіберіп отырамыз», — дейді Ұлттық банк төрағасы. «Өткен екі аптада банктер доллар жетіспей жатыр деген еді. Себебі долларды ешкім сатқысы келмейді. Ал, негізінде тамыз-қыркүйектегі көлемдер кішкентай. Олар күніне 100-200 млн доллардан аспайтын. Таргеттеуге көшкенге дейін көлемдер 500-600 млн доллар еді. Негізгі жеткізуші Ұлттық банк болатын. Ол тек Ұлттық банкті ғана емес, Ұлттық қорды да конверсиялайтын. Сондықтан біз бұл функцияны қалпына келтірдік. Бізде қазірде доллар жеткілікті», — дейді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024