Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 56% өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлады, деп жазады abctv.kz.
2017 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2582,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2016 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 56,0%-ға артық. Соның ішінде экспорт – 742,0 млн доллар (42,6%), импорт – 1840,7 млн доллар (62,2%).
Комитеттің мәлімдеуінше, Қазақстан экспорты құрылымының көпшілігін минералды өнімдер (38,5% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (34,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,3%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (7,6%) құрайды.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде химиялық өнеркәсіп өнімдері (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 23,0%), минералды өнімдер (20,6%), машиналар мен жабдықтар (19,7%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (12,9%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (11,8%), әкелінеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024