Қазақстанның қазіргі газ қоры 83 жылға жетеді. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев хабарлады.
"Жыл сайын дүниежүзілік энергетикаға жүрігізілетін статистикалық шолу деректері бойынша, өндірістің қазіргі деңгейінде табиғи газдың қазақстандық қорлары 83 жылға жетеді. Бұл саладағы үкіметтің негізгі жұмысы газ инфрақұрылымын дамытуға және газды оңтүстік аймақтарға жеткізуге бағытталған", - деп мәлімдеді Б.Сағынтаев.
"Газ саласын 2030 жылға дейін дамыту концепциясы іске асырылуда, бұл концепцияға сәйкес 2030 жылға таман халықты газбен жабдықтау деңгейі 56%-ға жетеді, қазіргісі - 42%. Газбен жабдықталған елді мекендердің саны 1150-ен 1600-ге дейін артады. Бұл ретте тұтынылатын газ көлемі 2014 жылғы 12,4 млрд текше метрден 2030 жылы 18 млрд текше метрге дейін жоғарылайды", - деді Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіштерге инвестиция көлемі шамамен 656 млрд теңге болатын газ құбырларын салу жөніндегі ірі инветициялық жобаларды енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Сонымен қатар, ел үкіметі Қазақстанның өзбек газынан тәуелділігін төмендетуді жоспарлап отыр, ол үшін оның оңтүстік аймақтардағы үлесі "Бұхара-Урал" және "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырлары арқылы ресейлік газбен алмастырылмақ.
Б.Сағынтаевтың берген мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы газ өндірісі серпінді дамып келеді. Өндіріс көлемі 43,2 млрд текше метрге жетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024