Шетелдік инвесторлар Қазақстанның геологобарлау саласына 5,5 млрд теңге салуға дайын. Бұл туралы "Қазгеология" геологобарлау ұлттық компаниясының басқарма басшысы Ғалым Нұржанов Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
"Бүгінде "Қазгеологияға" 4 ірі әлемдік компания тартылды. Оның ішінде, австралиялық-британдық Rio Tinto концерні, австралиялық «Iluka resources»компаниясы, оңтүстік кореялық «KORES» және германдық «Ulmus fund» қоры бар. Бұл компаниялармен келісімге қол қойылған. Бастапқы геологобарлау жұмыстарына 5,5 млрд теңге салынуға дайын", -деп хабарлады ол. Қажет кезінде инвестиция көлемін ұлғайтуға дайын деп атап өтті Ғ.Нұржанов. Жекелей алғанда, "Рио Тинто" компаниясы алдағы уақыттарда Қарағанды облысының Қорғантас және Балқаш-Сарышаған аудандарында барлау жұмыстарын жүргізбекші.
Сондай-ақ «Iluka resources» компаниясы Солтүстік Қазақстанның үш аумағында геологиялық зерттеу жүргізеді. Оңтүстік кореялық кәсіпорын және германдық қор Қарағанды облысының екі аумағында жұмыстар бастайды. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаевтың сөзінше, 2015-2019 жылдары аралығында геологобарлау жүргізу үшін 900 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024