Қазақстан қоржынына ішкі туризмнен түсетін пайда жалпы кірістің 3 пайызын ғана құрайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко мәлімдеді.
«Бүгінгі күні Қазақстанда ішкі туризмнен түсетін табыс жалпы кірістің бар болғаны 3 пайызын құрайды. Ал дамыған елдерде аталған көрсеткіш шамамен 20-30 пайыз төңірегінде. Біздің ойымызша, қазір туризм инфрақұрылымын жетілдіріп, туристік саланы құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, туристік өнім құны көрсетілетін қызмет сапасына сай болуы тиіс», - деді ол.
Депутаттың пікірі бойынша, туристік саланың дамуын қамтамасыз етудегі міндетті шарттардың бірі - туризмге мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету.
«Туристік қызмет ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан оның түйткілдерін жүйелі әрі кешенді түрде шешу қажет. Осындай жұмыстар қолға алынар болса, онда туризм Қазақстанның тартымды салаларының біріне айнала алады», - деді Е.Тарасенко.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024