Қазақстанда көлеңкелі нарықтың жылдық айналымы $1,5 млрд құрайды. Х Салық конференциясы кезінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин осылай мәлімдеді.
Комитет мемлекетке келетін түрлі тауарлардың контрабандалық тасымал механизмдеріне тексеріс жүргізген. Көбіне алақол кәсіпкерлер иморттық тауарлардың бағасын түсіріп жібереді. «Тексеріс бойынша, тауар бағасын азайту 30%-50%-ды құрайды. Осыдан соң ресми статистикалық айналымнан шыққан көлеңкелі айналым - 500 мың доллардан кем емес. Егер барлығын есептейтін болсақ, көлеңкелі нарық көлемі 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды деп айтуға болады», – деді Госман Амрин конференция барысында.
Сондай-ақ, ол жемқорлықты жеңу үшін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін жеткізді. "Шыны керек, біздің мемлекетте адал еңбектің мотивациясы жалақы деңгейімен тікелей байланысты. Егер бізде жалақы бар болғаны 80 мың теңге ғана болса жемқорлықты жеңе алмаймыз", - деді ол. Фото: press-post.netПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024