Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша кино өндірісі, телебағдарламалар мен музыкалық жазбалар көлемі – 18 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,5 пайызға артық.
Айта кетейік, өткен жылы кино өндірісінде төмен көрсеткіш байқалған еді (-4,2%, 2015).
Қазақстанның кино және видео өндірісінің 59,8 пайызы Алматы қаласына тиесілі. Қызмет көлемі бірден 2 есеге артып, 10,8 млрд теңгені құрады.
Кино өндірістің 25,4 пайызы Астанаға тиесілі. Оның табысы – 4,6 млрд теңге.
Қазақстанда орташа есеппен билет бағасы 1219 теңге тұрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,7 пайызға қымбаттағын. Ең қымбат билет Атырау және Астана сияқты ірі қалалар мен мегаполистерде сатылады.
Өткен аптада Режиссер Тайка Вайтитидің Marvel "Тор: Рагнарек" фильмі қазақстандықтардың сұранысына ие болды. www.ticketon.kz порталының деректері бойынша фильм бюджеті 259 млн теңге жинады.
Екінші орында қазақстандық «Брат или брак» фильмі. Алғашқы аптасында - 61,4 млн теңге, жалпы – 147,3 млн теңге жиналған. Үшінші орында – ресейлік фильм - «Последний Богатырь». Алғашқы аптада – 30,4 млн теңге, жалпы - 163,1 млн теңге түскен.
Дереккөз: energyprom.kz
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024