Экономика
Выбор редактора
Қазақстанның мұсылмандар одағы түрік қонақүйлерін Travelsystem дауына қатысы бар деп айыптап отыр
Қазақстанның мұсылмандар одағы (ҚМО) мен Орта Азиядағы адам құқығы бойынша мұсылман комитеті (ОА АҚБМК) Түркияның Ішкі істер министрлігіне және Бас прокуратурасына түрік қонақүйлеріне қатысты тергеу ісін бастауды өтінді. Оның ішінде «Travelsystem» компаниясының алаяқтығына қатысы барлығын зерттеу қажет деп жазады Zakon.kz ұйымдардың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
" Қылмыстық іске тек қазақстандық туристік компаниялар ғана емес, түрік қонақүйлерінің де қатысы да болуы мүмкін. 700 қазақстандық туристерді төлемақы кепілінсіз түрік қонақүйлеріне орналастыруға болмайды. Бұл жағдайда адамдарды зорлап қонақүйлерден шығару жақсы жоспарланған акция болуы мүмкін", - де жазылған құқық қорғау органдарына жіберілген хатта. 2014 жылы ҚМО және ОА АҚБМК басшылығы Анталиядағы түрік қонақүйлерінің жұмысына мониторинг жүргізгендігі де атап өтілген. Олардың кейбіреуінің қазақстандық туристерді тек "Гүлнәр Тур" компаниясы арқылы ғана қабылдауы күдік туғызған еді. Кейінірек бұл мекемені қазақстандық құқық қорғау органдары алаяқтыққа айыптады, ал оның басшысы әлі іздеуде жүр. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер расталса мұсылмандық құқық қорғаушылар кінәлілерді жауапқа тартып, шетелдік есепшоттарын қазақстандық туристердің шығыны үшін жұмсамақшы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024