Экономика
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мьянмадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мьянмада орын алған оқиғаға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
«Мьянмада мұсылман қауымының жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл жердегі исламға кері тенденцияны байқап отырмыз. Осыған байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы байланыс тобы секілді құрылымы Мьянмадағы ахуалды реттеуге белсенді тартылғаны өте маңызды. Сонымен қатар, ұйым өкілдері бұл елдің билік тарапымен диалогта болғаны өзекті», - деді министр.
Айта кетейік ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та Мьянмадағы оқиғаға байланысты өз пікірін білдірген еді.
«БҰҰ тарапы Мьянмадағы оқиғаларға қатысты өзінің ұстанымын жариялауы тиіс. Себебі жазықсыз көптеген мұсылмандар қатыгездік репрессиясының құрбанына айналуда», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024