Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 58878,2 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға төмен деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
«Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 58878,2 млн долларды құрады және бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға төмендеген. Өз кезегінде, экспорт - 35 733,2 млн доллар (42,5%-ға азайған), импорт - 23 145 млн доллар (23,8%-ға азайған) болды», - делінген ведомства хабарламасында. Сондай-ақ, статистика агенттігінің мәліметі бойынша, ҚР-да тіркелген заңды тұлғалардың саны 2015 жылдың 1 қарашасында 357 849 бірлікті құрады. Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 1,6%-ға артқан. Жұмыс істеп жатқан заңды орындардың саны - 219 798, оның ішінде шағын кәсіпкерлік 211 040 бірлікті құрады.
Фото: today.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024