Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 1,7 млрд тонна тауар тасымалданды. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы айларымен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 257,3 млрд тауар.км құрап, 2016 жылдың аталған айларынан 6.9 пайызға өскен.
Сонымен қатар, 10,8 млрд жолаушы (0,9% -ға көп) тасымалданды. Ал жолаушы тасымалының айналымы 127,9 млрд жол.км (3,1% артық) құрады.
Жол көлігі - 83,17 пайыз, темір жол - 10.19 пайыз, басқа да жолдармен (әуе, теңіз)- 0,09 пайыз тауар тасымалдаған.
Қазақстандағы тауар айналымның теміржол - 47,87 пайызын, жол көлігі - 27,06 пайызын, құбыр желісі - 24,75 пайызын, басқа жолдар (әуе, теңіз) - 0,32 пайызын құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024