Қазақстан Республикасының жаңа үкіметі бұрынғы құраммен жасақталды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәйкес жарлығы жарық көрді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі; Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі; Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі; Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- делінген akorda.kz сайтында жарияланған жарлық мәтінінде.
29 сәуір, сәрсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Дәл осы күні мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы» және «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» үш жарлыққа қол қойып, Конституцияға сәйкес үкіметті, Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдерін отставкаға жіберген болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024