Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz - Осы жылы қазақ тіліне дубляждалған үшінші анимациялық фильм "Моана" прокатқа шығарылды. Ал бір күн бұрын Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алдын-ала көрсетілімі өтті.
Диснейдің жаңа ханшайымы Моананың басынан кешкен қызықтарын баяндайтын фильмнің қазақ тіліндегі дубляж режиссері - Рита Әбішева, ал жобаның музыкалық басқарушысы - Күнімгүл Борамбаева. "Моана" жобасының ерекшелігі - 11 жеке әннің жазылуы.
Басты кейіпкер Моананың даусын сомадаған - "Алиса айнаның арғы бетінде" кинокартинасының дубляжында Алиса ролін сомдаған Назерке Серікболова.
Дубляжға отыз бестен астам актер қатысты. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарын Лидия Кәден (Моананың әжесі - Тала), Мақпал Исабекова (Моананың анасы - Сина), әнші Бүркіт (жартылай құдай - Мауи), Жәнібек Мұсаев (Туи көсем), Сырым Қашқабаев (Таматоа) сыйлады, сонымен қатар басқа актерлер мен қазақстандық эстраданың орындаушылары қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024