Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақ журналистерін қаржылық сауаттылыққа үйрететін тегін курс ашылды

Қазақ журналистерін қаржылық сауаттылыққа үйрететін тегін курс ашылды

Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - Алматыда қазақ тілді журналистерге арналған қаржылай сауаттылықты арттыратын тегін курс ашылды. Жоба Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен және қоғам қайраткері Қуат Домбайдың бастамасымен жүзеге асты.

Курс журналистерге компанияның қаржылай есебі мен қаржыландыру негіздерін түсінуді, жеке қаржысын басқаруды үйретеді. Сонымен қатар, Ислам қаржыландыру жүйесі мен зейнетақы жүйесіне қаржы сарапшысы көзқарасымен қарауды меңгертеді.

[caption id="attachment_70732" align="alignnone" width="960"] Дәріс барысы. Сурет Қуат Домбайдың фейсбуктегі ресми парақшасынан алынды[/caption]

Бүгін, 2 маусым күні курстың алғашқы дәрісі өтті. Бірінші сабақты қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов пен қаржы сарапшысы, бизнес-тренер және ұлттық банктің экс-қызметкері Салтанат Абаева өткізді.

"Біз қазақ журналистеріне экономика саласын түсіну оңай болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, олар экономика саласындағы жаңалықтарды максималды қарапайым және түсінікті жеткізе білуі керек", - деп атап өтті Салтанат Абаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаржы ақпараттарын дұрыс түсіну үшін ағылшын тілін де білу қажет. Бірақ дәрістер әзірге екі тілде өтеді.

Журналистерге арналған тегін экономикалық курстар бірнеше айға созылады. Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.

Айта кетейік, бұл журналистердің қаржылай сауаттылығын арттыруға арналған, алғашқы жоба емес. Бұған дейін 7kun.kz ақпарат агенттігінің жанынан "Іскерлік журналистика мектебі" жобасы жүзеге асқан болатын. Үш айлық курста тыңдаушыларға ірі банктер мен қаржы ұйымдарының басшылары және тәжірибелі журналистер дәріс өткізді. Мектепті 32 жас журналист аяқтап, сегізі 7kun.kz ақпарат агенттігіне жұмысқа қабылданды. Жоба мақсаты - қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистер ортасын қалыптастыру.

Похожие материалы