3 наурыз. Алматы. 7kun.kz – Бүгін Алматыда «Іскерлік журналистика мектебі» түлектерін марапаттау шарасы өтті. 32 жас журналист мектепті аяқтап, 8-і 7kun.kz ақпараттық агенттігіндегі жұмысын бастады.
Қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистер ортасын қалыптастыруды мақсат тұтатын жоба 2016 жылы 3 ай бойы өткізілді. Осы уақыт аралығында мектеп студенттеріне ірі банктердің, қаржы ұйымдарының басшылары және тәжірибелі журналистер дәріс өткізді.
Олардың қатарында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Бірінші кредиттік бюро, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Исламдық қаржы дамыту қауымдастығын, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Статистика комитеті, «Қазақстан қор биржасы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ өкілдері мен журналистер, кәсіпкерлер бар.
Жас журналистер дәріспен қатар 7kun.kz іскер жаңалықтар сайтынан тәжірибеден өтіп, материалдарын жарялады. Олардың ең үздік 8-і енді агенттік тілшісі ретінде жұмыс істей бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024