Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ таза пайдасы  26%-ға қысқарды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ таза пайдасы  26%-ға қысқарды

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – «ҚазАгроҚаржы» АҚ таза пайдасы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға қысқарды.

Компанияның пайыздық емес шығындары есепті кезеңде 9%-ға өсті және 2018 жылдың қаңтар-маусымында 2,2 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, компанияның таза пайыздық кірісі есепті кезеңде 22%-ға (7,4 млрд теңгеден 5,7 млрд теңгеге дейін) төмендеді.

Компанияның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында пайыздық табысы 9,2 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 6%-ға төмен.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ активтеріне келер болсақ, бұл көрсеткіш 2018 жылдың басынан бастап 2,3%-ға азайып, маусымның аяғында 276,2 млрд теңге болды. Өз кезегінде, капитал 6 айда - 0,7% -ға азайып, 102 млрд теңгеге жетті. Компанияның 6 айға арналған міндеттемелері 3%-ға төмендеді және 174,2 млрд теңгені құрады.

«ҚазАгроФинанс» АҚ акцияларының 100%-ы «ҚазАгро» ұлттық холдингіне тиесілі.

Ұқсас материалдар